Еуропалық Одақта көліктер сатылымы 4,6%-ға төмендеді

Бұл 1993 жылдан бері ең төменгі көрсеткіш. 

Еуропалық Одақта көліктер сатылымы 4,6%-ға төмендеді Фото: Autonews.ru

Еуропалық Одақтағы автомобильдер сатылымы желтоқсанда 2021 жылдың сәйкес айымен салыстырғанда 12,8%-ға өсті. Алайда жыл қорытындысы бойынша көрсеткіш 4,6%-ға төмендеді. Бұл 1993 жылдан бергі ең төменгі көрсеткіш болды.

Еуропалық автомобиль өндірушілер қауымдастығы мәліметі бойынша, ЕО елдерінде тіркелген көліктер саны (статистикасы жоқ Мальтаны қоспағанда) өткен айда 896 967-ні құрады.

Бұл ретте ЕО-ның екі негізгі нарығында ғана сатылым артты: Германияда – 38,1%-ға, Италияда – 21%-ға. Ал Францияда олар 0,1%-ға, Испанияда 14,1%-ға төмендеді.

Еуропадағы жаңа көліктер саны желтоқсанда 14,8 пайызға өсті.

Жалпы, 2022 жылдың қорытындысы бойынша Еуропалық Одақта автокөліктерді тіркеу 4,6%-ға – 9 млн 255,93 мыңға дейін қысқарды. Бұл негізінен бірінші жартыжылдықтағы қосалқы бөлшектердің тапшылығына байланысты болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу