Фельдшер Ұлдана Мырзуанның күйеуі жәбірленуші мәртебесінен бас тартпайтыны белгілі болды

472

Бұл туралы ол сұхбатта айтты. 

Фельдшер Ұлдана Мырзуанның күйеуі жәбірленуші мәртебесінен бас тартпайтыны белгілі болды Фото: politico.kz

Қызметтік міндетін орындау барысында көз жұмған Ұлдана Мырзуанның күйеуі Әділет Зейнел жақында YouTube арналарының біріне сұхбат берді. Ол фельдшердің өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша жәбірленуші мәртебесінен бас тартпайтынын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Мен жәбірленуші мәртебесінен бас тартпаймын. Бұл істі өзім бастадым, енді оны аяғына дейін жеткізгім келеді. Осы уақытқа дейін барлық жерге барып, әділдік іздедім. Егер ертең бас тартсам, жұрт "жаңа отбасын құрды да, бәрінен бас тартты" деп айтады. Сонда хейттің екінші толқыны басталады. Бірақ мәселе онда да емес. Бұл – Ұлдананың және барша жұрт алдындағы парызым", – деді марқұмның жұбайы.

Сондай-ақ Әділет Зейнел "Ұлдананың жақындарымен соңғы рет қашан сөйлестіңіз?" деген сұраққа да жауап берді. 

"Шынымды айтсам, ақпан айынан бері араласпаймыз. Мен олармен ұрысқым келмейді. Бұрын арамызда сыйластық болды", – деді ол.

Айта кету керек, бұған дейін фельдшер Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты іс сотқа жолданғанын жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу