Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев жедел жәрдем қызметкерлерінің жалақысын арттыру мүмкіндігіне байланысты сауалға жауап берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Бүгінгі таңда жалақыны көтеру мәселесі қаралып жатыр. Биыл жедел медицина қызметіне бағыттау үшін қосымша 5 млрд теңге бөлінді. Келесі жылы жалақыны көтеру үшін есеп жүргізіліп жатыр. Бұл қосымша 10 млрд теңге қажет деген сөз. Тиісті шешім қабылданған жағдайда сіздерге хабарлаймыз", – деді Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев Мәжіліс кулуарында.
Айта кету керек, бұған дейін депутат жедел жәрдем көліктерінің тозып кеткені туралы айтып, мәселе көтергенін жазғанбыз.