Фермерлер қаз өсіруге ден қойды

1258

Фермерлер қаз өсіруге ден қойды

Атырау облысына қарасты Махамбет ауданында құс фермалары көбейіп келеді. Бұған дейін жылына 90 миллион дана жұмыртқа өндіретін "Алмалықұс" пен "Бөдене" фермаларының қатары ет бағытындағы тағы екі шаруашылыққа өсті. Биыл мемлекеттен 30 миллион теңге несие алған фермер қаз өсіруді қолға алды, деп хабарлайды khabar.kz.

Әзірге мұнда 700-ге жуық құс бар. Кешен толық іске қосылғанда мұнда 5 мың қаз өсірілетін болады. Бизнестің жаңа бағытын таңдағандардың қатары ауданда жыл санап артып келеді. 

"Осы ферма жылына 20 тонна қаз етін өндіретін болады. Бауыржан деген жеке кәсіпкеріміз 5 мың басқа арналған қаз фермасының құрылысын бастап кетті. Қазіргі уақытта онда 500-ге тарта қаз өсуде", - дейді аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімінің жетекшісі Жексенбай Дүйсенбайұлы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу