Хакерлер білім сайттарына шабуыл жасады

910

Оқушылардың онлайн білім алуына тағы кедергі келтірілді.  

Хакерлер білім сайттарына шабуыл жасады

Бұл жолы білім сайттарына хакерлер шабуыл жасаған, деп хабарлайды Atameken Business.

Оны Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қарайтын мемлекеттік техникалық қызметінің мамандары мониторинг кезінде анықтады. Мәліметке сәйкес, күнделік және білім лэнд порталдарында ақау пайда болған. Алғашында біріншісінің жұмысы бұзылса, арадан 8 минут өткенде екінші білім порталына да кедергілер байқалған. Кімнің жасағаны белгісіз. Тек шетелдік сегмент екені анықталды. Мамандардың айтуынша, көбіне мұндай шабуылдар порталдың қаншалықты қорғалғанын анықтау мақсатында немесе  қасақана тапсырыспен жүзеге асырылуы мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу