"Халық ақымақ емес" – Аида Балаева Қуандық Бишімбаев туралы

567

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Қуандық Бишімбаевтың ісіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

"Халық ақымақ емес" – Аида Балаева Қуандық Бишімбаев туралы Фото: Inbusiness.kz

Ол Tengrinews.kz сайтына берген сұхбатында Қазақстандағы медиа нарықтың "тыйым салынбағанның бәріне рұқсат" қағидасы бойынша жұмыс істейтінін айтты.

"Біздің елімізде цензураға тыйым салынады, ал медиа ойыншылар көбіне "тыйым салынбағанның бәріне рұқсат етіледі" қағидаты бойынша жұмыс істейді. Жақында журналистік этикаға арналған дөңгелек үстел өткіздік және сол жерде журналистің этикасы өз-өзін қадағалау шегінде болуы керек деген қорытындыға келдік. Көріп отырғанымыздай, өзін-өзі қадағалау деген нәрсе көбіне жұмыс істемейді. Түйсігімізбен оны ұғамыз, біз механизмдерді түсінеміз және Бишімбаев ісінде бүгін болып жатқан медиа науқанның қалпын көріп отырмыз. Өкінішке қарай, теріс мүддені басшылыққа ала отырып, барлық қабылданған жалпыадамзаттық норма мен қағидаға қайшы, өтірік әрі қоғамдық сананы манипуляциялаумен айналысатын адамдар қоғамнан шеттетіледі. Өйткені, қоғам ақымақ емес. Кәсіби журналистер қауымына менсінбей қарауға болмайтынын үнемі айтамын", - деді министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу