Халықаралық волонтерлер форумына қатысуға өтінім қабылдау басталды

Құжат қабылдау 2023 жылғы 5-15 мамыр аралығында өтеді.

Халықаралық волонтерлер форумына қатысуға өтінім қабылдау басталды Фото: baq.kz

Форум ұйымдастырушылары: Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, республикалық волонтерлер фронт-офисі, "Ұлттық волонтерлер желісі" ЗТБ. 

Конкурсқа белсенді волонтерлер, волонтерлік жобалардың үйлестірушілері, волонтерлік ұйымдардың, бастамашыл топтардың (18 жастан бастап) басшылары қатыса алады.

Байқау қорытындысы 25 мамырдан кейін жарияланады.

Әр өңірден 4 жеңімпаз 20-21 маусымда Астана қаласында өтетін Халықаралық волонтерлер форумына шақырылады.

Бүгінде форум волонтерлер мен волонтерлік ұйымдар үшін ірі халықаралық іс-шаралардың біріне айналған. Онда 30-дан астам шет елдерден, сондай-ақ Қазақстан өңірлерінен бірқатар делегаттар қатысады деп жоспарлануда.

Форумның негізгі мақсаты: Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың Волонтерлерді жұмылдырудың халықаралық жылын өткізу жөніндегі БҰҰ сессиясында айтылған бастамасын ілгерілету.

Толық ақпаратты республикалық фронт-офистің Call орталығы арқылы білуге болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу