"Жыл волонтері" халықаралық сыйлығына онлайн дауыс беру басталды

222

Биыл сыйлық волонтерлік қызметтің түрлі бағытын қамтитын 15 аталым бойынша табысталады.  

"Жыл волонтері" халықаралық сыйлығына онлайн дауыс беру басталды Фото: gov.kz

10-19 қазан аралығында Qazvolunteer.kz бірыңғай онлайн платформасында "Жыл волонтері" халықаралық сыйлығының алғашқы кезеңі – онлайн дауыс беру өтеді. Техникалық іріктеу нәтижесінде 235 үміткер байқауға қатысып жатыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мемлекет басшысының бастамасымен тағайындалған сыйлық қоғамға пайдалы әрі әлеуметтік маңызы бар істерге үлес қосқан волонтерлерге, волонтерлік топтарға, волонтерлік ұйымдарға және халықаралық ұйымдарға беріледі.

Алты жыл ішінде Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Ресейден 297 волонтер аталған сыйлықтың иегері атанды.

Биыл сыйлық волонтерлік қызметтің түрлі бағытын қамтитын 15 аталым бойынша табысталады. Олардың қатарында әлеуметтік жобалар, білім беру, жануарлар мен қоршаған ортаны қорғауға бағытталған бастамалар бар.

Дауыс беруге кез келген адам қатысып, өзі таңдаған волонтерге қолдау көрсете алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу