Халықтың жан басына шаққандағы ақшалай табысы қанша?

616

Ұлттық статистика бюросы 2022 жылдың қаңтар-қазан аралығындағы экономикалық көрсеткіштер туралы ақпарат жариялады. 

Халықтың жан басына шаққандағы ақшалай табысы қанша? Фото: total.kz

Бюроның мәліметтеріне сәйкес, биылғы қыркүйекте халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары 152612 теңге (алдын ала деректер) болды. Бұл былтырғы қыркүйекке қарағанда 17,7% жоғары, деп жазады inbusiness.kz.

Көрсетілген кезеңдегі нақты ақшалай табыс өзгеріссіз қалды.

Қазан айында елдегі жұмыссыздардың саны 451 мың адам болған. Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күші санының 4,9%-ын құрады.

"Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелген адамдар саны 2022 жылғы қазанның соңына 238,2 мың адамды құрады немесе жұмыс күшінің 2,6%-ы", - деп жазылған хабарламада.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу