ХАМАС кепілге алған 12 таиландтықты босатты

274

ХАМАС содырлары Израильге шабуыл жасағанда 19 тайлық фермерді алып кеткен.

ХАМАС кепілге алған 12 таиландтықты босатты Фото: pattayapeople.ru

ХАМАС кепілге алған 12 таиландтықты босатты. Бұл туралы Таиланд премьер-министрі Сретта Тависин әлеуметтік желіде жазды, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Ол өзінің постында кепілдегі адамдардың босатылғанын Таиланд СІМ-і мен қауіпсіздік департаменті растағанын жазды. Сонымен қатар ол елшілік адамдары кепілден босатылғандарды бір сағаттан кейін алып кететінін жеткізді, бірақ олардың қазір қайда екенін нақты жазбады.

Бұған дейін Египет мемлекеттік ақпарат қызметі Египеттің арағайындық танытуының арқасында кепілде отырған 12 таиландтық босатылатынын хабарлаған болатын.

ХАМАС содырлары 7 қазанда Израильге шабуыл жасағанда 19-ға жуық тайлық фермерді алып кеткен, олардың көбі әлі күнге дейін із-түзсіз кеткендер санатында.

12 таиландтықты босату ХАМАС пен Израильдің тұтқындарды алмасу жөніндегі келісіміне қатысы жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу