Хромтау қаласының әкімі пара алды деген күдікпен ұсталды

148

Ол 2 айға қамауға алынды.  

Хромтау қаласының әкімі пара алды деген күдікпен ұсталды Фото: Instagram/sagyndyk_shabikbaev

Ақтөбе облысында Хромтау қаласының әкімі Сағындық Шабықбаев пара алды деген күдікпен ұсталып, тергеу аяқталғанға дейін қамауға алынды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, Хромтау қаласының әкімі Сағындық Шабықбаев ҚР Қылмыстық кодексінің "пара алу" бабы бойынша күдікке ілінген.

"Сот екі айға қамауға алуға рұқсат берді. Басқа ақпарат жария етілмейді", – деп хабарлады Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі.

40 жастағы Сағындық Шабықбаев әкім қызметіне екі жыл бұрын келген. Бұған дейін ол әкімнің орынбасары қызметін атқарған. Еңбек жолын 2008 жылы Әйтеке би ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығында бастаған. 2016 жылы әкімдікте жұмыс істеп, 2017 жылдан бастап Хромтау ауданы әкімінің аппаратында, ал 2018 жылдан 2023 жылға дейін қала әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу