Игерілмеген білім гранттарын аз қамтылған отбасы балаларына бөліп беру керек - депутат

486

Биылғы оқу жылында жоғары оқу орындарына 73 мың грант бөлінген.

Игерілмеген білім гранттарын аз қамтылған отбасы балаларына бөліп беру керек - депутат

Игерілмеген білім гранттарын халықтың әлеуметтік осал тобына жататын отбасы балаларына бөліп беру керек. Бүгін Мәжіліс депутаты Гаухар Танашева Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсеноваға жолдаған сауалында осылай деді.  Сөзінше, биылғы оқу жылында жоғары оқу орындарына 73 мың грант бөлінген. Алайда оның 15 мыңы игерілмей қалыпты. Депутат бұл мүмкіндікті бос жібермей,  көпбалалы, ерекше бала тәрбиелеп отырған және толық емес отбасындағы жастарды оқытуға жұмсау керек дейді. 

"Бұл гранттарды ҰБТ төмен балл алып қалған, бірақ оқуға ынтасы бар осал топтары арасында бөліп беру неге қарастырылмаған? Көп балалы отбасыдан ең болмағанда бір бала ЖОО түсіп, жақсы білім алып, болашақта жақсы жалақы алатын жұмысқа орналасып жатса, артынан ерген бауырларына көмектесіп, аяқтарына нық тұрар еді", - деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Гаухар Танашева.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу