inbusiness.kz тілшісі жүлделі болды

1082

2020 жылғы 30 желтоқсанда БАҚ арасында жарияланған Қазақстанның атом саласын дамыту тақырыбын үздік қамтуға арналған байқау жеңімпаздарын онлайн-марапаттау рәсімі өтті.  

 inbusiness.kz тілшісі жүлделі болды

Іс-шараны "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ және "Атом өнеркәсібі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы" ҚБ ұйымдастырды.

Байқауға қатысу үшін үміткерлер қазақстандық БАҚ-та жарияланған және байқау шарттарына сәйкес келетін түрлі жанрдағы материалдарын ұсынды. Құрамына отандық масс-медиа және PR саласындағы танымал сарапшылар енген комиссияның шешімімен келесі қатысушылар жеңімпаз және жүлдегер деп танылды:

"Үздік телевизиялық материал" номинациясында: 1-орын Жұлдыз Баман ("Хабар24" телеарнасы), 2-орын Нұрлан Мұхамеджанов ("Астана" телеарнасы), 3-орын Гүлсанат Артықбаева ("Оңтүстік" телеарнасы).

"Интернет-БАҚ-тағы үздік жарияланым" номинациясында: 1-орын Рашит Ілиясов ("Tengrinews.kz" ақпараттық порталы), 2-орын Нұрғали Құрманғали ("Turaninform.kz" ақпараттық-талдау порталы), 3-орын Есімжан Нақтыбайұлы ("Inbusiness.kz" ақпарат агенттігі).

"Баспа БАҚ-тағы үздік жарияланым" номинациясы орыс тілінде: 1-орын Анатолий Лаптев ("Аргументы и Факты Казахстан" газеті), 2-орын Мақсұт Ибрашев ("Кызылординские вести" облыстық газеті), 3-орын Алексей Проскуряков, Анна Чумина ("ҮМЗ-информ" корпоративтік газеті).

"Баспа БАҚ-тағы үздік жарияланым" номинациясы қазақ тілінде: 1-орын  Дәулет Тұрсынұлы ("Оңтүстік Қазақстан" газеті), 2-орын Айхан Шәріпов ("Айқын" газеті), 3-орын Жақсылық Сүлейменов ("Egemen Qazaqstan" газеті).

Сондай-ақ "Өңірден көзқарас" арнайы номинациясында еліміздің атом саласындағы жетістіктері туралы қоғамның хабардар болу деңгейін арттыруға бағытталған БАҚ-тағы материалдар циклі үшін журналист Мақсат Қарғабай ("Созақ үні" газеті) марапатталды.

Байқаудың жеңімпаз және жүлдегерлеріне дипломдар мен ақшалай сыйлықтар тапсырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу