Инфляция дес бермей тұр: қант, сұйық май, жұмыртқа бағасы шарықтады

685

Елімізде инфляцияның көрсеткіші 7 пайыздан асып кетті. Оған әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің қымбаттауы себеп болған. Оның құны жыл басынан бері –10,8 пайызды құрады, деп хабарлады Atameken Business.

Инфляция дес бермей тұр: қант, сұйық май, жұмыртқа бағасы шарықтады

Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сүйенсек, ең қымбаттаған өнім түрі – қант, оның құны бірден 23,8 пайызға өскен. Содан соң: қант, жұмыртқа, макарон өнімдері, ұн, сиыр еті, шәй, нан, күріш бағасы. Ол аздай, азық-түлік емес тауарлары –5,1%, ақылы қызметтер 3,8 пайызға жоғарылаған. Осылайша қараша айында инфляция 0,9 пайызды құраса, өткен айдағы бұл көрсеткіш 0,6 пайызға тең болған.

Сондай-ақ ыстық су, орталық жылу жүйесі, электрэнергиясының тарифі де едәуір шарықтаған. Баға өсімі жеке көлік құралдарына арналған қосалқы бөлшектерге, ыдыс-аяққа, алтыннан жасалған зергерлік бұйымдарға да байқалады. Сарапшылар бұл көрсеткіш алда да байқалуы мүмкін деп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу