Инвестордың құқықтарын бұзған Шиелі кентінің әкімі жазаланды

181

Оған 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Инвестордың құқықтарын бұзған Шиелі кентінің әкімі жазаланды Фото: freepik.com

Прокурорлар әкімнің инвестор жұмысына кедергі келтіргенін анықтады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Шиелі ауданының прокуратурасы инвестордың өтінішін қарау мерзімін негізсіз созу, оның құқықтарын шектеу және тиісті шешім қабылдаудан бас тарту фактісін анықтады. Атап айтқанда, "VIGOR Holding" ЖШС-не жұмыс жобасында көзделген инженерлік дәліз шегінде Шиелі кентінің аумағында орналасқан жер учаскелеріне жария сервитут белгілеу қажеттілігі туындаған.

Осыған байланысты инвестор Шиелі кентінің әкімдігіне тиісті аумаққа жария сервитут белгілеу туралы қаулы қабылдау жөнінде өтініш жазған. Алайда Шиелі кентінің әкімі өтінішті қанағаттандырудан негізсіз бас тартқан.

"Прокуратура араласқаннан кейін инвесторға қажетті жария сервитутты белгілеу туралы қаулы қабылданды. Ал ауыл әкімі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 173-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылды", – делінген прокуратура хабарламасында.

А Н Ы Қ Т А М А:

Қазақстан Республикасында жария сервитут – мемлекет немесе жергілікті атқарушы орган тарапынан қоғам мүддесін қамтамасыз ету мақсатында жеке немесе заңды тұлғалардың жер учаскесін шектеулі түрде пайдалану құқығы.

ҚР Жер кодексіне сәйкес, жария сервитутты (жеке немесе мемлекеттік мүдделер үшін жер учаскесін шектеулі пайдалану құқығын) белгілеу немесе жою құзыреті тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің әкімдіктері мен әкімдеріне берілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу