Иран АҚШ-пен ядролық келісімді жалғастырудан бас тартты

124

Екі ел өкілдерінің жексенбіге жоспарланған кезекті кездесуі өтпейтін болды, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Иран АҚШ-пен ядролық келісімді жалғастырудан бас тартты Фото: turaninform.kz

Иран-АҚШ келіссөздеріне делдал болып жүрген Оман Сыртқы істер министрі Бадр әл-Бусаиди жексенбі күні Маскатта өтуі жоспарланған келіссөз өтпейтінін растады.

"Дипломатия мен диалог ұзақ уақытқа созылған бейбітшіліктің жалғыз жолы болып қала береді, - деп атап өтті министр Х желісіндегі жазбасында.

Бұған дейін Иран Сыртқы істер министрі Аббас Аракчи Израильмен әскери қақтығыс жағдайында АҚШ-пен келіссөздерді аяқтау мүмкін емес деп мәлімдеген еді. Ал АҚШ әкімшілігінің жоғары лауазымды өкілі BBC тілшісі Том Бейтманға Иран-АҚШ жанама келіссөздерінің кезекті раундының тоқтатылуы туралы түсініктеме берген.

"Жексенбі күні кездесу болмайтынына қарамастан біз келіссөздерге берікпіз және ирандықтар жақын арада келіссөз үстеліне оралады деп үміттенеміз", - деді ол.

Көп ұзамай Франция президенті Эмманюэль Макрон Иран президенті Масуд Пезешкианмен телефон арқылы сөйлескені, ирандық тарап Израиль шабуылы тоқтамайынша ядролық келісім жалғаспайтынын айтқаны мәлім болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу