Иран АҚШ-тың Сириядағы әскери базасына шабуыл жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ирандық БАҚ-тың хабарлауынша, шабуыл Сириядағы америкалық әскерилер орналасқан базаға бағытталған. Эль-Хасака провинциясының батысындағы Касрак аймағындағы базаға шабуыл жасалды.
Айта кету керек, бұған дейін https://inbusiness.kz/kz/news/aksh-irannyn-yadrolyk-nysandaryna-shabuyldady АҚШ Иранның ядролық нысандарына шабуылдағанын жазған едік. Тегеран уран байытуды тоқтатпайтынын хабарлады. АҚШ Иранның қарымта шабуылына дайындалып жатқаны белгілі болды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу