Иран Сауд Арабиясының ең ірі мұнай зауытына соққы берді

252

Зауыт жұмысын уақытша тоқтатты. 

Иран Сауд Арабиясының ең ірі мұнай зауытына соққы берді Фото: Бейнежазбадан

Иранның ұшқышсыз ұшу аппараты Сауд Арабиясының Рас-Танура қаласындағы Saudi Aramco мұнай өңдеу зауытына соққы жасады. Салдарынан нысан өртке оранды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Зауыт төтенше жағдайға байланысты жұмысын тоқтатқан. Компания жағдай бақылауда екенін хабарлады.

Saudi Aramco – Сауд Арабиясының ұлттық мұнай компаниясы. Кәсіпорын әлемдегі ең ірі мұнай өндіруші болып саналады. Компания Сауд Арабиясы қазынасының 80%-ға жуығын қамтамасыз етіп отыр. Бас кеңсе Дахран қаласында орналасқан. Forbes Global 2000 рейтингіне сәйкес, компания 2021 жылғы тізімде бесінші орынға тұрақтаған.

Сауд Арабиясының қорғаныс министрлігі зауыттың үстінде екі дронның атып түсірілгенін хабарлады. Белгілі болғандай, зардап шеккендер жоқ. Рас-Танура қаласында орналасқан мұнай өңдеу кешенінің қуаты тәулігіне 550 мың баррельге жетеді. Бұл туралы DW агенттігі жазды. 

Айта кету керек, бұған дейін Иран АҚШ-пен келіссөз жүргізбейтінін мәлімдегенін жазғанбыз. Иранның уақытша жоғарғы көсемі тағайындалды. Дональд Трамп Ирандағы әскери іс-қимыл қанша уақытқа созылатынын айтты. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу