Израиль Сирияға соққы берді

323

Израиль әуе күштері Дамаск маңына соққы берді. 

Израиль Сирияға соққы берді Фото: img1.eadaily.com

Израильдің әуе шабуылдарынан туындаған жарылыстар Дамаск маңында естілді, деп хабарлайды Inbusiness.kz Сирия Мемлекеттік теледидары хабарламасына сілтеме жасап.

"Израиль агрессиясы Дамаск ауылдық жерлеріндегі кейбір аудандарға бағытталған", - делінген хабарламада.

Келтірілген залал немесе зардап шеккендер туралы әлі ақпарат жоқ.

Израиль Сирия аумағына кей-кейде соққы беріп отырады. Әдетте, Иранның әскери кеңесшілері немесе оқ-дәрі қоймалары және Дамаскті қолдайтын ливандық "Хизболла" тобына тиесілі басқа да нысандар орналасқан Сирия жерлері нысанға алынады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу