Қайтарымсыз грантқа өтініш қабылдау жүріп жатыр

705

Қайтарымсыз грантқа өтініш берудің алғашқы күні 80 мың адам құжат тапсырған. 

Қайтарымсыз грантқа өтініш қабылдау жүріп жатыр Фото: Gov.kz

Бұл туралы Халықаралық қаржылық кеңесшілер қауымдастығы мәлімдеді. 

Өтініш берудің алғашқы кезеңі наурыздың 2-сіне дейін жалғасады. Айта кету керек, шамамен 1 миллион 400 мың теңгені әлеуметтік осал топтағы азаматтар ала алады. Еңбек министрлігінің айтуынша, 400 АЕК көлеміндегі мемлекеттік грант  бұл жаңа бизнесті ашу және дамыту үшін қайтарымсыз негізде берілетін бастапқы капитал. Биыл 9 мың грант беру жоспарланған. Ол 4 кезең бойынша жүзеге асырылады. Өтінімді Business.enbek.kz порталында қалдыруға болады. Бұл ретте тәуелсіз сарапшы 9 мың грант аз дейді. 

"Мемлекеттің жалпы санын алған кезде, бұл грантқа мұқтаж адамдарды есептеген кезде бұл аз болуы мүмкін. Бірақ, шынымен мұқтаж адамдар бұл грантты алып, ісін бастап кетсе титтейде болса, мемлекеттен көмек болады", дейді Тәуелсіз сарапшы Гүлшырын Серікқызы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу