Қалдықтарды заңсыз тасымалдау: 63 мың құқық бұзушылық анықталды

50 мыңға дейін адамы бар елді мекен үшін техникалық–экономикалық негіздемені қажет етпейтін жаңа полигон салу бойынша мәселе шешілді.

Қалдықтарды заңсыз тасымалдау: 63 мың құқық бұзушылық анықталды Фото: inbusiness.kz

Бұл туралы Үкімет отырысынла  Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Қалдықтарды заңсыз орналастырудың жолын кесу жөніндегі бірлескен бұйрық әзірледі, оның шеңберінде бірлескен мобильдік топтар қалдықтарды заңсыз тасымалдау фактілерін анықтауға бағытталған рейдтік іс-шаралар жүргізеді. 2023 жылы 63 мың әкімшілік құқық бұзушылық анықталды", – деді министр. 

Заңсыз қоқыс орындарының пайда болу себебінің  бірі – қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарының заңдастырылмауы болып табылады. 

"Осыған байланысты 50 мыңға дейін адамы бар елді мекен үшін техникалық–экономикалық негіздемені қажет етпейтін жаңа полигон салу бойынша мәселе шешілді. Бұл бюджет қаражатын үнемдеп, қатты тұрмыстық қалдықтар құрылысының мерзімін қысқартады", – деді Ерлан Нысанбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу