"Қалыңмалға келіспей, тойға келмеген": Желіде жалғыз той өткізген қазақстандық жігіттің видеосы тарады

1990

Видеода жігіт қалыңдықсыз үйлену тортын жалғыз өзі кесіп жатқаны көрінген.

"Қалыңмалға келіспей, тойға келмеген": Желіде жалғыз той өткізген қазақстандық жігіттің видеосы тарады Фото: видеодан алынған кадр

Желіде тойды жалғыз өткізген қазақстандық жігіттің видеосы тарады. Видео астындағы пікірлерге қарағанда қалыңдық пен оның туыстары қалыңмалға келіспей тойға келмей қойған, деп хабарлайды inbusiness.kz cайты.

Бейнеде банкет жүргізушісі "бүгін сен өзіңнің еркіндігіңді тойлап жатырсың" деген сөздерді айтады.

Бейнежазбаны Kokshe_city_03 порталы Instagram желісінде жариялады. Онда банкет залында жігіт қалыңдықсыз үйлену тортын жалғыз өзі кесіп, келген достарымен ғана көңіл көтеріп жатқанын көруге болады.

"Бәрін дайындап қойғандықтан жігіттің туыстары туған күн кеші секілді бойдақтық кешін тойлауды ұйғарған. Ақша үшін жастардың сезімін аяққа таптады. Бәлкім қайыры шығар. Өзіне бірінші орынға ақшаны емес, махаббатты қоятын жар табар”, – деді желі қолданушысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу