Екінші орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы Сауль "Канело" Альварес Қазақстан халқын жыл басы Наурыз мерекесімен қазақ тілінде құттықтады, деп хабарлайды деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Әлемге әйгілі боксшы, абсолютті чемпион, досымыз Сауль (Канело) Альварес Қазақстан халқын көктеммен бірге келген Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамымен құттықтады. Ал Suleimen Promotions командасы өз кезегінде қазақы дәстүр бойынша боксшыға құрмет көрсетіп, шапан жапты, сый-сияпат көрсетті", - деп жазды Suleimen Promotions желідегі парақшасында.
Қазақ шапанын жабылған Канело: "Наурыз мейрамы құтты болсын, Қазақстан! Сіздерді көргеніме өте қуаныштымын! Мен барлығыңызды құшақтаймын!",- деп Қазақстан халқын қазақ тілінде құттықтады.
Еске салайық, бірнеше қазақстандық боксшы Канеломен бір залда жаттығу өткізеді. Бұл Әбілхан Аманқұл, Бек Нұрмағанбет, Евгений Павлов және Данила Семенов. Өткен жылы Айдос Ербосынұлы мексикалыққа Дмитрий Биволға қарсы титулдық жекпе-жекке дайындалуға көмектесті.