"Қаңтар оқиғалары ТЖ кезінде байланыс желілерінің жұмысы тоқтатылмауы тиіс екенін аңғартты"

412

ТЖ кезінде де бірқатар өмірлік маңызы бар нысандар интернет желісіне үздіксіз қосылып тұру қажет.   

"Қаңтар оқиғалары ТЖ кезінде байланыс желілерінің жұмысы тоқтатылмауы тиіс екенін аңғартты" Фото: egemen.kz

Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин ведомствоның алқа мәжілісінде айтты, деп жазады inbusiness.kz.

"Интернет-алаяқтығына қарсы күрес мақсатында ұялы байланыс операторларымен бірлесіп, халықаралық трафикті өңдеу және оларды одан әрі бұғаттай отырып, ауыстырылатын нөмірлерді айқындау жолымен алаяқтық әрекеттерді бұғаттау бойынша тәсілдер әзірленді. Бұдан бөлек Қаңтар оқиғалары төтенше жағдай кезінде елдегі байланыс желілерінің жұмысы тоқтатылмауы тиіс екенін аңғартты. Бірқатар өмірлік маңызы бар нысандар, мемлекеттік және жеке ұйымдар интернет желісіне үздіксіз қосылып отыруды қажет етеді. Экономика жұмысын жалғастыру керек", - деп атап өтті ведомство басшысы.

Бағдат Мусиннің сөзінше, министрлік деректерді беру желілерінің статикалық мекенжайларының тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекітті. Бұл төтенше жағдай кезінде интернетке үздіксіз қол жеткізе алатын ұйымдардың тізімін жасауға мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу