Жаппай тәртіпсіздікке қатысқан қазақстандық Беларусьте ұсталды

417

Бұған дейін оны Жамбыл облысындағы жаппай тәртіпсіздікке қатысқаны үшін күдікті деп таныған. 

Жаппай тәртіпсіздікке қатысқан қазақстандық Беларусьте ұсталды Фото: google

Қазақстан Бас прокуратурасының қызметкерлері Интерполдың көмегімен "А" азаматын Беларусь Республикасынан экстрадициялады, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

"Қылмыс жасағаннан кейін ол қылмыстық қудалау органдарынан жасырынып, оған қатысты халықаралық іздеу жарияланды.

Қазіргі уақытта күдікті Қазақстанға әкелініп, қамауға алынды", –  делінген хабарламада.

Қазақстанның заңнамасына сәйкес күдіктіге қылмыстар үшін 3 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу