Қарағанды қаласының әкіміне хакерлік шабуыл жасалды

1241

Қарағанды қаласының әкімі Мейрам Кожуховтың ұялы телефонына әлдебіреулер хакерлік шабуыл жасаған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қарағанды қаласының әкіміне хакерлік шабуыл жасалды Фото: gov.kz

Бұл туралы қала басшысы әлеуметтік желідегі жеке парақшасында мәлім етті.

"Менің ұялы телефоным бұғатталды. Өтініш, жауап бермеулеріңізді және ештеңе жібермеулеріңізді сұраймын", - деген жазба қалдырды Мейрам Кожухов.

Айта кетейік, Мейрам Кожухов Қарағанды қаласының әкімі болып былтыр қаңтарда тағайындалды.

Оның кандидатурасын өңір басшысы Ермағанбет Бөлекпаев қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында ұсынған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу