Қарағанды облысында 127 ауыл сапалы интернетке мұқтаж

767

Ауылдағы мектептер штаттық режимде жұмыс істеуге мәжбүр.

Қарағанды облысында 127 ауыл сапалы интернетке мұқтаж

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек мәселені шешу үшін ұялы байланыс операторларына бірлескен жол картасын әзірлеуді ұсынды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Облыс әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, өңір басшысы ұялы байланыс операторларымен онлайн-кеңес өткізген. Оған Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек қатысқан. Кеңесте ауылдарда мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары негізінде интернетпен қамтамасыз ету жұмысы қалай жүргізіліп жатқаны айтылған.

"Барлық іс-шараға қарамастан нәтиже мардымсыз. Әлі күнге дейін 127 ауылда сапалы интернет байланысы жоқ. Пандемия кезінде ауыл мектептерінің жартысына жуығы қашықтан оқуға мүмкіндігі болған жоқ. Олар штаттық режимде жұмыс істеуге мәжбүр болды. Өңірлерге жұмыс сапарымен барған кезде онда интернеттің жоғын көріп жүрмін. Кездесулерде адамдар жолды ғана емес, қалыпты интернетті де сұрайды. Бұл – заман талабы", - деді Жеңіс Қасымбек.

Ол бұл мәселені шешу үшін ұялы байланыс операторларына бірлескен жол картасын әзірлеуді ұсынды.

"Бізден қандай қолдау қажет? Жауапкершілікті анықтайық. Ай сайын не істелді? Қандай себептерге байланысты интернетте кідірістер болды? Енді оны жеке бақылаймын", - деді облыс әкімі.

Сондай-ақ Асхат Оразбек министрлік 4 ірі оператордың жұмысына талдау жүргізілгенін атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу