Қарағанды облысында 253 миллион теңге мөлшерінде инвестициялық субсидиялардың ұрланғаны анықталды

346

Бұл туралы Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады. 

Қарағанды облысында 253 миллион теңге мөлшерінде инвестициялық субсидиялардың ұрланғаны анықталды Фото: inbusiness.kz

Аса ірі мөлшер – 253 млн теңге сомасында инвестициялық субсидияларды ұрлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді Қарағанды облысы бойынша Қаржылық мониторинг агенттігінің департаменті аяқтады. Бұл қаражат агроөнеркәсіптік кешен субъектісінің күн панельдерінің жиынтығын сатып алу шығындарын өтеу үшін төленді, деп жазады inbusiness.kz сайты Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Тергеу барысында анықталғандай, күдікті 2018-2020 жылдары Қарағанды облысындағы шаруа және шаруа қожалықтары атынан құрал-жабдықтардың қымбаттауы бар жалған құжаттар негізінде субсидия алуға өтініш берген. Соның негізінде қаражат төленді.

Сот үкімімен ол кінәлі деп танылып, 10 жыл мерзімге кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығынан айырыла отырып, келтірілген шығынды өтей отырып, 6,5 жылға бас бостандығынан айырылды", - деп мәлімдеді ҚР ҚМА ресми өкілі, Әлібек Әбділов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу