Қарағанды облысында сайланған 75 ауыл әкім қызметіне кірісті

948

Ауыл әкімі сайлауында тұрғындардың шамамен 76%-ы дауыс берген.

Қарағанды облысында сайланған 75 ауыл әкім қызметіне кірісті

Қарағанды облысында тікелей дауыс беру арқылы сайланған 75 ауыл әкімі қызметіне кірісті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Облыс әкімдігінің мәліметінше, өңірде 257 кандидаттың ішінен 75 ауыл әкімі сайланған. Оның ішінде 3 әйел бар. Ең жас жаңа әкім 26 жаста. 

"Көпшілігіңіз алғаш рет әкім болып отырсыздар. Сайлауда ауыл басшыларының құрамы 77%-ға жаңарды. Бұл өте жақсы. Себебі, жаңа көзқарас проблемаларды жаңаша қарауға мүмкіндік береді...Сайлауда берген уәделеріңізді ұмытпаңыздар", - деді аймақ басшысы Жеңіс Қасымбек.

Ең жас әкім атанған 26 жастағы Владислав Кирей үмітті ақтауға тырысатынын жеткізді.

"Бұл сайлау жастардың басқарушы ретінде өз күшін сынап көруге мүмкіндік береді", - деді Абай ауданы Қарағанды ауылдық округінің жаңадан сайланған әкімі.

Дауыс беруге 61 846 адам қатысқан. Бұл дауыс бергендердің 75,85%-ы.

Сайлауға Nur Otan, "Ауыл", "Ақ жол", ADAL партияларының өкілдері қатысқан және 14 адам өзін-өзі ұсынған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу