Қарағанды облысында жаңа басқарма басшысы тағайындалды

1201

Конкурстық іріктеу нәтижесі бойынша Қарағанды облысының өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы қызметіне Мұрат Қыдырғанбеков тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Қарағанды облысында жаңа басқарма басшысы тағайындалды

Мұрат Қыдырғанбеков мемлекеттік қызметте 2008 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Еңбек жолын Саран қаласының кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы лауазымынан бастады.

2011 жылдан 2018 жылға дейін Қарағанды облысының өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасының бас маманынан бастап басшының орынбасарына дейінгі жолдан өтті.

2018 жылдан 2020 жылға дейін облыс әкімі аппаратында ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас инспекторы болып жұмыс істеді.

Осы уақытқа дейін ол аймақтың Кәсіпкерлер палатасы директорының экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу