Қарғалы өзеніндегі судың деңгейі төмендеді

760

Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, бүгін өзендегі су деңгейі 83 см-ге түскен.  

Қарғалы өзеніндегі судың деңгейі төмендеді Фото: Ақтөбе облыстық ТЖД баспасөз қызметі

Ақтөбеде жүздеген адамды эвакуацияланды. Ақтөбеде Қарғалы өзенінің су деңгейі көтеріліп, сол маңда тұратын 25 саяжайды су басу қаупі төнген соң  тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілген болатын. 116 адам, оның ішінде 44 баланы спорт мектебі мен жатақханаларға орналастырды, деп жазады inbusiness.kz.

"Уақытша эвакуациялаудың 3 пункті ашылды, онда 87 адам орналастырылды. 29 адам туыстарына баруга шешім қабылдады. Бүгін  күні 5 адам үйлеріне оралды. Полицейлер қоғамдық тәртіпті қорғау мақсатында кезекшілік атқарып тұр", - деп хабарлады Ақтөбе қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Айгүл Бәйменова.

Айта кетейік, қазір үйлерді су басып қалмас үшін шұғыл шаралар қабылданып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу