Қаржы министрлігінде Қазақстан үшін Қытай нарығында мемлекеттік облигациялар шығару мүмкіндіктері талқыланды

394

Қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбеил Астана қаласындағы China Construction Bank Corporation өкілдігінің бас директоры Ван Сонхуа мырзамен кездесу өткізді. 

Қаржы министрлігінде Қазақстан үшін Қытай нарығында мемлекеттік облигациялар шығару мүмкіндіктері талқыланды Фото: gov.kz

Кездесу барысында тараптар қазақстандық және қытайлық қор нарықтарындағы ағымдағы тенденцияларды, сондай-ақ Қазақстан үшін Қытай нарығында мемлекеттік облигациялар (Панда облигациялары) шығару мүмкіндіктерін талқылады.

Ван Сонхуа мырза Panda облигациялары шығарылымының инвестициялық тартымдылығы туралы айтып, шығарылымның шарттары және тәртібімен таныстырды.

Сондай-ақ, Ван Сонхуа мырза Банктің Қазақстандағы ағымдағы жобаларды қаржыландыру бойынша жүргізіп жатқан жұмысы мен экономиканың ең басым секторларына, соның ішінде автожол және теміржол салаларындағы жобаларға инвестиция салу жөніндегі алдағы жоспарларын айтып берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу