Қашаған кенішінде құс қырылып жатыр

1030

Қашаған кенішінде құс қырылып жатыр

Каспий қайраңындағы Қашаған кен алаңына қарасты жасанды аралдардың бірінен 243 бозторғайдың өлексесі табылды, деп хабарлайды khabar.kz.

Дерек бойынша жергілікті экологтар Солтүстік Каспий жобасының операторы North Caspian Operating Company компаниясына 2,7 миллион теңге айыппұл салыпты. Ол туралы орман және айрықша қорғалатын аумақ бөлімі басшысының міндетін атқарушы Мереке Шалқаров мәлімдеді.

North Caspian Operating Company құстардың қырылғанын жоққа шығарған жоқ және ол туралы таяу уақытта толық ақпарат беруге уәде берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу