2019 жылғы қазанда қылмыстық топ құрып, бөтен адамның мүлкін ұрлады деген аса ауыр және ауыр айыппен іс қозғалған, деп жазады inbusiness.kz сайты.
2020 жылғы қыркүйектен 2023 жылғы шілдеге дейін кәсіпкер қамауда, арасында үй қамақта болған. 2023 жылғы желтоқсанда іс қылмыс құрамының болмауына байланысты тоқтатылған.
Кәсіпкер П. қылмыстық жауапкершілікке заңсыз тартылғанын, бұлтартпау шараларының нәтижесінде жұмыс істеуге мүмкіндігі болмай, қаражатсыз қалғанын айтып, сотқа жүгінген. 2021 жылы компаниясы банкрот деп танылған. 2023 жылы құжаттарды уақытылы бермегені үшін оған жер пайдалану құқығын ұзартудан бас тартқан.
Алқа қаулысымен сот шешімі төмендегідей факторларды негізге алып, өзгеріссіз қалдырылған:
- П.-ны қылмыстық жауапкершілікке заңсыз тарту және бұлтартпау шарасын таңдау фактісі іс материалдарымен расталған;
- Сот заңсыз қудалау мен қамауда болған кезеңде келтірілген материалдық залалдың, үй қамауының арасындағы тікелей себепті байланысты анықтаған. БЖЗҚ мәліметтеріне сәйкес, 2019 жылғы тамыздан 2020 жылғы шілдеге дейін П. 16,8 млн теңге мөлшерінде жалақы алмаған.
Сонымен қатар, талапкер адвокаттың қызметіне 28 млн теңге төленгенін мәлімдеген. Алайда сот оның жартысын өндіру туралы шешім шықты.
"Заң қызметін көрсету шарты екі тармақтан тұрады – қылмыстық іс бойынша өкілдік және азаматтық тәртіпте ЖШС-нің өкілдігі. Адвокат міндеттемелерді тек бір тармағы бойынша орындады, сондықтан қылмыстық іс бойынша көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу бойынша 14 млн теңге ғана өндіріп алынды", – делінген хабарламада.
Бірінші сатыдағы соттың шешімімен талап ішінара қанағаттандырылып, кәсіпкердің пайдасына 14 млн теңге материалдық залал, 16,8 млн теңге жоғалтқан жалақы сомасы, 9 млн теңге моральдық зиян өтемақысы өндірілген.
Сот актілері заңды күшіне енді.