Кәсіпорындарға жаңа талап қойылады

909

Өнеркәсіп қауіпсіздігі заңының талабы кәсіпорындарды арнайы құтқару қызметімен шарт жасауға немесе авариялық-құтқару қызметін құруға міндеттейді. Бұл туралы ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Нығмеджан Мақажанов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.  

Кәсіпорындарға жаңа талап қойылады

Ол Мемлекет басшысы 2021 жылғы 1 сәуірде "Өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңына қол қойғанын, 16 сәуірде заң күшіне енгенін атап өтті.

"Бүгінде заң талабы 2500-ге жуық кәсіпорынды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметі, қауіпті өндірістік объектілерде профилактикалық және тау-кен құтқару, газдан құтқару жұмыстарды жүргізуге шарт жасауға немесе өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында кәсіби объектілік авариялық-құтқару қызметін құруға міндеттейді", - деді комитет төрағасы ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Нығмеджан Мақажанов мұндай субъектілерге тау-кен және мұнай-газ кәсіпорны, мұнай өңдеу және мұнай-химия зауыты, атом энергиясы объектісі, магистральдық құбырлар және тағы басқасы жататын айтты.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу