Каспий теңізі арқылы Қазақстанға есірткі жеткізбек болғандар ұсталды

512

Олардан 15 кг апиын, 20 кг гашиш, 50 қорап "трамадол" тәркіленді.

Каспий теңізі арқылы Қазақстанға есірткі жеткізбек болғандар ұсталды Фото: ҚР ҰҚК

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Каспий акваториясы арқылы Таяу Шығыс өңірінен есірткі заттарын Қазақстанға контрабандалау арнасының жолын кесті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"3 қыркүйекте Маңғыстау облысында есірткі мәмілесін жасау барысында адамдар тобы ұсталды, олардың қатарында мемлекеттік шекарадан шағын өлшемді жүрдек катерлермен заңсыз өткен шетел азаматтары да бар. Олардан 15 кг апиын, 20 кг гашиш, 50 қорап "трамадол" апиынды анальгетигі, сондай-ақ навигация және техникалық байланыс құралдары тәркіленді", - делінген ведомство хабарламасында.

Бұл факт бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі ("Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу") бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпараттар жария етуге жатпайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу