Каспий жағалауында шағын және орта қуатты реакторлары бар АЭС бой көтеруі мүмкін. Бұл туралы Атом энергиясы жөніндегі агенттіктің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Каспий теңізінің жағалауы шағын және орта қуатты реакторлары бар АЭС орналастыруға ықтимал орын ретінде қарастырылып жатыр. Бүгінгі таңда тиісті зерттеулер жақын арада жүргізілетін болады.
"Агенттік атом электр станциясының құрылысы үшін Қазақстанның батысын зерттеуді жоспарлап отыр. Бұрын бұл өңірде ядролық нысан, оны пайдалануға қатысты белгілі бір тәжірибе болды. Сол себепті бұл алаңның болашағы зор деп есептейміз", – деді Алмасадам Сәтқалиев.
Айта кету керек, бұған дейін екінші АЭС-те Алматы облысында салынуы мүмкін екенін жазғанбыз.