Қазақстан азаматтары үшін БАӘ-ге визасыз кіру тәртібі күзде күшіне енбек

846

Қазақстан азаматтары үшін БАӘ-ге визасыз кіру тәртібі күзде күшіне енбек

Қазақстандық тарап жалпы азаматтық паспорттарын иеленуші екі мемлекет азаматтарының 30 күнге дейін визадан босатылуын көздейтін құжаттың күшіне енуі үшін мемлекетішілік рәсімдерді аяқтады. Бұл туралы Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі елшісі Қайрат Лама Шариф БАӘ СІМ консулдық қызмет департаментінің директоры Ясер аш-Шималимен болған кездесуде мәлімдеді, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Өз кезегінде Ясер аш-Шимали әмірліктер тарапы да Қазақстан азаматтарының БАӘ-ге визасыз баруына мүмкіндік беретін қол қойылған екі жақты хаттаманың күшіне енуі үшін мемлекетішілік рәсімдерді аяқталуға жақын екенін хабарлады.

2017 жылғы қыркүйекте БАӘ үкіметінің қаулысы бекітілгеннен кейін Әмірліктердің барлық мемлекеттік органдары, сондай-ақ Әбу-Даби, Дубай және басқа әмірліктердің халықаралық әуежайлары бұл туралы ақпарат алады және өздерінің ішкі ережелеріне түзетулер мен өзгерістер енгізеді. БАӘ СІМ КҚД Директорының пікірінше, Қазақстан азаматтары үшін әмірліктерге визасыз кіру тәртібі шамамен 2017 жылғы қазан-қарашада күшіне енеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу