"Қазақстан халқына" қорынан грант алуға өтініш қабылдау басталды

398

Өтініш беру мерзімі 10-17 тамыз.

"Қазақстан халқына" қорынан грант алуға өтініш қабылдау басталды Фото: inbusiness.kz

"Қазақстан халқына" қоры 17 тамызға дейін білім гранттарына өтінімдерді қабылдауды бастады. Бұл туралы Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Бұл бағдарламаға:

Ағымдағы жылы ҰБТ тапсырған (қаңтар, наурыз, негізгі және тамыз ҰБТ сертификаттарының бірін ұсынуға болады) және жоо-ға түсу үшін шекті балдарды жинаған түлектер;

Ауылдық жерлердегі, шағын және моноқалалардағы жағдайы төмен отбасылардан шыққан тұлғалар;

Жетім балалар немесе кәмелетке толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

Мүгедектігі бар азаматтар;

Мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар;

2022 жылғы қайғылы қаңтар оқиғалары кезінде қаза тапқан ҚР азаматтарының балалары;

2022 жылғы қайғылы қаңтар оқиғалары кезінде жараланған балалар;

Төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккен Қазақстан Республикасының қаза тапқан азаматтарының балалары қатыса алады.

"Бағдарламаға қатысудың шекті жасы толық 29 жасты құрайды. Өтініш беру мерзімі: 10-17 тамыз. Құжаттарды жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары арқылы тапсыру керек", деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, грант иегері оқуын аяқтағаннан кейін оны өтеуге міндетті емес.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу