Қазақстан Каспий жобасы үшін БАӘ-ден қондырғы сатып алды

115

Қазақстан Каспий құбыр консорциумы аясында теңіздегі жұмысқа арналған екі айлақ қондырғысын сатып алды.  

Қазақстан Каспий жобасы үшін БАӘ-ден қондырғы сатып алды Фото: РИА Новости

Келісімшарттың бастапқы құны – 106 млн еуро.

Бұл туралы «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының Тасымалдау және логистика департаментінің директоры Ерболат Меңдібаев Мәжіліс кулуарында мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Оның айтуынша, келісім екі жыл бұрын жасалған, алайда қазіргі геосаяси жағдай жеткізу процесіне әсер етіп отыр.

Атап айтқанда, қондырғыларды Новороссийск портына жеткізуде қиындықтар туындаған. Осыған байланысты жобаға қосымша қаржы қажет болуы мүмкін.

Меңдібаевтың сөзінше, келісімшарттағы баға өзгеріссіз қалмауы ықтимал, өйткені соңғы жылдары нарықтағы жағдай мен логистикалық шығындар айтарлықтай өзгерген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу