Қазақстан мен БАӘ арасында құны $2,2 млрд болатын инвестициялық келісімдерге қол қойылды

898

Біріккен Араб Әмірліктері инвесторларының қатысуымен Шығыс Қазақстанда "Қатонқарағай" туристік кешені салынады, ал Екібастұзда жаңа индустриялық аймақ құрылмақ, деп хабарлайды Atameken Business.  

Қазақстан мен БАӘ арасында құны $2,2 млрд болатын инвестициялық келісімдерге қол қойылды

Әбу-Дабиге іссапармен барған Премьер-министр Асқар Мамин Әмірліктердің вице-президенті Мұхаммед ибн Рашид әл Мактуммен осындай уағдаластық жасады. Бұдан бөлек, екі ел бірлесіп құс фабрикалары мен сүт-тауарлы фермаларды салмақшы әрі жемістер және саңырауқұлақтарды өндірмек ниетте.Тау-кен-металлургия мен геологиялық барлау салаларында да ынтымақтастық орнату, тіпті елімізде электромобильдерге арналған бөлшектерді шығару көзделген. Жалпы келіссөздер барысында тараптар 17 үкіметаралық және коммерциялық келісімге қол қойды. Осының арқасында Қазақстан капиталына 2 млрд доллардан астам инвестиция тартылмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу