Қазақстан мен Беларусь өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша ынтымақтастықты күшейтуде

93

Кездесу қорытындысы бойынша тәжірибе алмасуды және бірлескен іс-шараларды өткізуді қоса алғанда, ынтымақтастықты одан әрі дамыту туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Қазақстан мен Беларусь өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша ынтымақтастықты күшейтуде Фото: sb.by

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінде бейнеконференция форматында Қазақстан Республикасы ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті мен Беларусь Республикасы ТЖМ мемлекеттік қадағалау өкілдерінің қатысуымен жұмыс кездесуі өтті, деп хаьбарлайды inbusiness.kz cайты. 

Кездесу 2026-2027 жылдарға арналған бірлескен іс-шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде өтті және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамытуға бағытталды.

Тараптар тәуекелге бағдарланған тәсілді қолдануды және бұзушылықтарға ден қою шараларын қоса алғанда, мемлекеттік реттеу модельдері мен мемлекеттік бақылау мен қадағалауды ұйымдастыру тәсілдерін талқылады.

Артық қысыммен жұмыс істейтін жабдықты қауіпсіз пайдалану талаптарын сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды (КО ТР 032/2013). Сәйкестікті растаудың, техникалық куәландырудың және жабдықтың техникалық жай-күйін бағалаудың практикалық аспектілері қарастырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу