Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасында рейстер саны артты

404

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 15-17 қаңтарда БАӘ-ге жасаған сапарының қорытындысы бойынша авиация билігі екі ел арасындағы рейстер санын арттыруға келісті, деп жазады inbusiness.kz Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап. 

Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасында рейстер саны артты Фото: Total.kz

"Әуе тасымалының қолжетімділігін қамтамасыз ету және әуе билеттерінің құнын төмендету мақсатында 22 қаңтардан бастап Wizz Air Abu Dhabi лоукостер әуекомпаниясы Абу-Даби мен Алматы қалалары арасындағы рейстердің санын 3-тен 4 рейске дейін арттырды. Рейстер "Airbus A320/A321" сияқты әуе кемелерімен орындалады", деп хабарлады комитеттің баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ Fly Dubai компаниясының хабарлауынша;

  • 26 қаңтардан бастап Дубай – Астана бағыты бойынша рейстер санын аптасына 10-нан 14 рейске дейін ұлғайту жоспарда бар.
  • 28 қаңтардан бастап  Дубай – Алматы бағыты бойынша аптасына 10-нан 14 рейске дейін;
  • 28 ақпаннан бастап Fly Dubai Шымкент-Дубай бағыты бойынша аптасына 2 рейс жиілігімен (сәрсенбі, сенбі) рейстерді қалпына келтіруді жоспарлап отыр. Ұшулар B-737 ұшақтарымен орындалады.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу