Қазақстан мен Корея жаңа бірлескен жобаларды іске асыруға келісті

387

Еліміз Корея Республикасымен өзара тиімді серіктестікті одан әрі нығайтуға мүдделі екенін жеткізді.

Қазақстан мен Корея жаңа бірлескен жобаларды іске асыруға келісті Фото: primeminister.kz

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Корея Республикасының Сауда, өнеркәсіп және ресурстар министрі Ким Чжон Кванмен кездесті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Кездесу барысында тараптар екіжақты сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен оны одан әрі дамыту перспективаларын талқылады. Әсіресе өнеркәсіп және энергетика салаларындағы өзара іс-қимылды кеңейту мәселелеріне баса назар аударылды.

Нұрлыбек Нәлібаев Қазақстан мен Корея арасындағы қарым-қатынастардың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, еліміздің Корея Республикасымен өзара тиімді серіктестікті одан әрі нығайтуға мүдделі екенін жеткізді.

Өз кезегінде министр Ким Чжон Кван өнеркәсіптік кооперацияны дамытуға, инвестиция тартуға және атом энергетикасы саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған бірлескен жобаларды жүзеге асыруға дайын екенін білдірді.

Қос тарапта сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Корея бірлескен комиссияның маңызын атап өтті. Аталған комиссияның 11-ші отырысы 2026 жылғы 8 маусымда Астана қаласында өтті.

Кездесудің қорытындысы бойынша тараптар кеңейтілген стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтуға және бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға өзара дайындығын растады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу