Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы 5 млрд долларға жетті

765

2023 жылы өзара жеткізу көлемін ұлғайту жоспарланып отыр.  

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы 5 млрд долларға жетті Фото: liter.kz

Жаңа қазақ-өзбек сыртқы сауда компаниясы екі елдің бизнесіне өз тауарларын өзара ілгерілетуге көмектеседі, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"УзКазТрейд" ЖШҚ жаңа компаниясы екі елдің ірі кәсіпорындарының өнімдеріне нарықтық зерттеулер мен бәсекелестік талдау жүргізеді, дайын өнімді өндіруге тапсырыстарды орналастыру бойынша ұсыныстар әзірлейді, ең бастысы, бизнесті сертификаттауға және өнімді экспорттауға жәрдемдеседі.

"QazTrade" АҚ Бас директоры Нұралы Бөкейхановтың айтуынша, жаңа кәсіпорын Қазақстандық кәсіпорындарға екі елдің нарығына тауар жеткізу көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

"Бастапқы кезеңде біздің ішкі нарықтың қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін Өзбекстаннан жеміс-жидек, көкөніс өнімдерін сатып алу жоспарлануда. Бұдан басқа, Ауғанстанға одан әрі экспорттау мүмкіндігімен Өзбекстан аумағында қазақстандық ұн өнімдерін сатуға көмектесетін боламыз. Біз өзбек тарапымен логистикалық шығыстарға преференциялар беру туралы уағдаластық", – деп атап өтті Сауда саясатын дамыту орталығының басшысы.

2022 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы 5 млрд долларға жетті, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 29,8%-ға жоғары (3,8 млрд доллар). Қазақстаннан экспортқа шығарылған тауарларды жеткізу көлемі 33%-ға өсіп, 3,7 млрд долларды құрады.

Экспорттың өсуі негізінен кенді және мыс концентраттарын (өсімі 4,8 есе), бидайды (32,3%-ға), жеңіл автомобильдерді (83,7%-ға), күнбағыс майын (97,2%-ға), жаңа және салқындатылған сиыр еті (өсімі 4,1 есе), өңделмеген алюминийді (70,4%-ға) жеткізудің ұлғаюымен байланысты болды.

Өзбекстаннан Қазақстанға импорт 2022 жылы 21,4%-ға өсіп, 1,3 млрд долларды құрады. Негізінен Қазақстан автомобильдерге арналған шанақтарды, ұшқынмен тұтанатын іштен жану қозғалтқыштарын, жүзімді, легирленбеген болаттан жасалған жалпақ жалатылған илемді, қорғасын кендері мен концентраттарын, құрылыс кірпіштерін, еденге арналған блоктар мен керамикадан жасалған ұқсас бұйымдарды, автомобильдер мен тракторларға арналған бөлшектер мен керек-жарақтарды, этилен полимерлерін сатып алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу