Қазақстан Оманмен пайдалы қазбаларды барлау саласында әріптестік орнатуы мүмкін

259

Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев екі елдің Қазақстандағы елшілері Салах бин Салим бин Әли Джабуб және Любомир Регакпен кездесуде айтты.

Қазақстан Оманмен пайдалы қазбаларды барлау саласында әріптестік орнатуы мүмкін Фото: gov.kz

Қазақстан Оман Сұлтандығы және Словакия Республикасымен өнеркәсіп саласындағы әріптестікті дамыту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оман елшісімен келіссөздер барысында жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру, әсіресе тау-кен металлургиясы саласындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелері қаралды. Сондай-ақ перспективалы учаскелерде пайдалы қазбаларды барлау бағытындағы бірлескен жұмыстың мүмкіндіктері талқыланды.

Ал Словакия елшісімен кездесуде Экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның 11-отырысына дайындық мәселелері сөз болды. Словакия тарапы инвестициялық әріптестікті дамытуға қызығушылық танытты.

Ерсайын Нағаспаев Қазақстан кәсіпорындарының күрделі жобаларды жүзеге асыруға қажетті тәжірибесі, технологиялары мен капиталы бар екенін атап өтті. Сонымен қатар қорғаныс өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктері қаралды.

Кездесулер қорытындысында тараптар достық және әріптестік байланыстарды нығайтуға, сондай-ақ өзара іс-қимылдың жаңа бағыттарын дамытуға уағдаласты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу