Қазақстан Президенті Тоқаев Гейдар Әлиевтің бейітіне гүл шоғын қойды

337

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжанның жалпыұлттық көшбасшысы Гейдар Әлиевтің рухына тағзым етіп, оның және зайыбы Зарифа Әлиеваның бейіттеріне гүл шоқтарын қойды.    

Қазақстан Президенті Тоқаев Гейдар Әлиевтің бейітіне гүл шоғын қойды Фото: akorda.kz

Сонымен қатар Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Шаһиттер аллеясындағы мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды. Мұнда елдің азаттығы жолында, тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын сақтау үшін құрбан болған әзербайжан халқының батыр ұлдары жерленген.

Шаһиттер аллеясы "Нагорный" саябағының аумағында орналасқан. Мұнда 1990 жылғы қайғылы оқиғаның құрбандары мен Қарабақ үшін болған шайқастарда қаза тапқан ұлт қаһармандарының бауырластар зираты бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу