Қазақстан жүк тасымалына шектеу енгізуге мәжбүр

683

Достық станциясы бағытында жүктің жекелеген түріне шектеу енгізіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қазақстан жүк тасымалына шектеу енгізуге мәжбүр

Қытай тарапынан жүктің уақытында қабылданбауына байланысты Достық станциясы бағытында жүк тасымалына шектеу енгізіледі.

"Шектеу 11 шілдеден басталып, 20 шілдеге дейін созылады. Уақытша тыйым Достық станциясынан Қытайға жіберілетін: түсті кен, тас көмір, мұнай коксын сынды жүктерге қатысты. Тыйым ҚХР тарапынан жүктердің уақтылы қабылданбауына байланысты болып отыр", – деп жазылған "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы таратқан хабарламада. 

Бүгінде халықаралық түйісулерде 145 пойыз қозғалыссыз тұр.

Шектеу енгізілген кезде вагон ағынын азайтуға күш салынады және тоқтап тұрған вагондардың ішінде бірінші кезекте азық-түлік жүгі бар вагондарды тапсыруға басымдық берілмек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу