Қазақстанда 49 агрессорға жәбірленушілерге жақындауға тыйым салынды

363

35 мыңнан астам қорғау нұсқамасы шығарылды.  

Қазақстанда 49 агрессорға жәбірленушілерге жақындауға тыйым салынды Фото: kursiv.media

Сот шешімімен 49 агрессорға жәбірленушілерге жақындауға тыйым салынды. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

"Әйелдерге қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстары күшейтілді. Жыл басынан бері 41 мыңнан астам құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 11 мыңнан астам адам әкімшілік қамауға алынды. Сондай-ақ 35 мыңнан астам қорғау нұсқамасы шығарылды, Сот шешімімен 9,2 мың агрессорға ерекше мінез-құлық талаптары белгіленді. Оның ішінде 8,3 мың адамға алкогольдік ішімдіктерді тұтынуға тыйым салынды. Белгіленген шектеулерді бұзғаны үшін 10 мыңнан астам адам жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен олардың барлығына міндетті психокоррекциялық бағдарламалардан өту тағайындалды", – деді вице-министр Мәжіліс кулуарында.

"Құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы" жаңа заң аясында 1 928 адамға ресми ескерту жасалғаны. 49 құқық бұзушыға сот шешімімен жәбірленушілерге жақындауға тыйым салынды.

Айта кету керек, сталкингті қайта жасағандарға жаза қатаңдатылуы мүмкін екенін жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу