Қазақстандағы халықтың 60%-ы газбен қамтылған

277

2024 жылдың соңына қарай елді газдандыру деңгейі 61,1%-ға дейін артады деп күтілуде.  

Қазақстандағы халықтың 60%-ы газбен қамтылған Фото: gov.kz

ҚР Президенті Қ.Тоқаев "Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым" сайлауалды бағдарламасында елді газдандыру деңгейін 60 пайызға жеткізу міндетін белгіледі.

Бүгінде халықтың 60 пайызы немесе 12 миллион адам көгілдір отынға қол жеткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz Энергетика министрлігіне сілтеме жасап.

Бұл көрсеткішке газ тасымалдау жүйесін жаңғырту, оның ішінде қосымша желілерді салу және қолданыстағы желілерді қайта жаңарту есебінен жүзеге асырылды.

Республикалық бюджеттен барлығы 88 жобаны жүзеге асыруға 81,4 млрд теңге бөлінді, оның ішінде 21 жоба аяқталды немесе 70,2 мың тұрғыны бар 28 елді мекен көгілдір отынмен қамтылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу